Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2022 жылдың 14-18 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды.
Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтып, 40 академиялық сағатты құрады.
Оқытудың ең басты мақсаты халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру.
Осылайша, оқыту барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы – қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалог нысаны ретінде», «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді іскерлік коммуникативті қарым-қатынас», «Мемлекеттік қызметшінің іскерлік коммуникациясын басқару. Көпшілік алдында сөйлеу өнері: құзіреттіліктен шешендік шеберлікке дейін. Сөйлеу техникасының параметрлері», «Тиімді іскерлік коммуникациялар және жеке тұлға типологиясы. Іскерлік қарым-қатынастағы кедергілер және оларды жеңу жолдары», «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық модельдері мен жүзеге асырылатын іскерлік қарым-қатынас стратегиялары», «Тұлғааралық тиімді қарым-қатынасқа әсер ететін факторлар: кәсіби тыңдау өнері және дұрыс сұрақтар қою қабілеті», «Мемлекет пен қоғамның байланыс жолындағы кедергілер: өзара әрекеттесудің формалары мен деңгейлері. Сөйлеу ережелері мен қателер. Өзара әрекеттесуінің құралдары мен ортасы», «Ынтымақтастық аясында сенімді қарым-қатынастар қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшінің тиімді коммуникацияны орнатудың психологиялық негіздері. «Қиын» адамдармен қарым-қатынастар», «Эмоциялық интеллект – тиімді іскерлік коммуникацияларды құру техникасы ретінде», «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен эмоцияларымен жұмыс. Қиын жағдайларда эмоционалды жағдайды басқару әдістері», «Тиімді іскерлік коммуникация дағдыларын дамытудағы шешендік өнер мен сторителлинг», «Жанжалдарды шешу шеберлігі немесе келіссөздер жүргізу өнері: келіссөздер алгоритмі. «Балама Генератор» әдісі. Дипломатиялық стратегия», «Жанжалдарды шешу шеберлігі немесе келіссөздер жүргізу өнері: Раппопорт — серіктеске «қосылу» технологиясы. Риторика өнері», «Тиімді мемлекеттік қызметті құрудағы трансформациялық көшбасшылық», «Коммуникативті коучинг – сенімді байланыс құралы ретінде», «Халықпен іскерлік коммуникацияларды құрудағы мемлекеттік қызметшілердің күйзеліске төзімділігін артыру практикасы» және «Мемлекеттік басқару жүйесінде іскерлік коммуникациялардың проблемалары мен олардың тиімділігін жоғарылату жолдары» тақырыптары қамтылды.
Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде, 1 орталық мемлекеттік және 19 жергілікті атқарушы мекеменің тыңдаушылары бекітілген үлгідегі сертификаттарға ие болды.
Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.
Добавить комментарий
Пятница 18.08.2025 11:01:25
В Шымкент с 18 августа прекращает работу ЦОН №2 Енбекшинского района...Пятница 29.07.2025 17:05:45
Как технологии «Blockchain» повышают скорость оказания госуслуг...Пятница 24.07.2025 13:20:11
Центр «Таным» обучил более 4 000 сотрудников госорганов и организаций в первом полугодии 2025 года...Пятница 14.07.2025 15:40:14
Как получить заграничный паспорт для новорождённого в ЦОНах Шымкента...Пятница 09.07.2025 12:33:19
Более 1,7 миллиона граждан воспользовались электронными талонами в ЦОНах и спецЦОНах с начала года...Пятница 04.07.2025 13:14:19
ЦОНы и спецЦОНы Шымкента: график работы на День столицы...Пятница 03.07.2025 12:26:46
Более 25 тысяч раз казахстанцы воспользовались сервисом «ВидеоЦОН» с начала года...Пятница 30.06.2025 12:34:08
В Шымкенте c 1 июля меняются адреса дежурных ЦОНов...Пятница 18.06.2025 10:38:49
Шымкентцы могут получить госуслуги, не выходя из дома...Пятница 16.06.2025 12:36:28
Услуга предварительного практического экзамена доступна в одном из спецЦОНов Шымкента...Пятница 10.06.2025 13:05:05
Госкорпорация внедрила автоматическую проверку медицинской справки 073/у при получении водительских прав...Пятница 05.06.2025 20:33:04
График работы ЦОНов и спецЦОНов Шымкента на Курбан айт...Пятница 02.06.2025 19:31:49
В Шымкенте cо 2 июня поменялись адреса дежурных спецЦОНов...Пятница 28.05.2025 14:35:35
В преддверии Международного дня защиты детей школьникам Шымкента провели экскурсию в ЦОНе...Пятница 15.05.2025 17:51:28
К Международному дню семьи: ...Пятница 14.05.2025 11:34:12
Процесс идентификации личности автоматизирован в спецЦОНах Шымкента...Пятница 30.04.2025 17:59:36
График работы шымкентских ЦОНов и СпецЦОНов в праздничные дни мая....Пятница 28.03.2025 16:25:09
С 1 апреля в Шымкенте меняются адреса дежурных ЦОНов...Пятница 20.03.2025 13:35:34
График работы ЦОНов и спецЦОНов на Наурыз Мейрамы...