Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме семинар өтті

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме семинар өтті

Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бойынша өткізіліп жатқан бірыңғай онкүндік аясында 2025 жылдың 28 қазанында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселесіне арналған түсіндірме кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын кеңінен түсіндіру, сөйлеу мәдениетін дамыту және қоғаммен сындарлы, сыпайы қарым-қатынас орнату, халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын алу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің беделін арттыруда әдептің, кәсіби қарым-қатынастың, сыпайылық пен сабырлылықтың рөліне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез-келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттігіне ерекше назар аударылып, қатысушыларға Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz