Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті
Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бойынша өткізіліп жатқан бірыңғай онкүндік аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевпен бірлесе Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппаратының қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесіне арналған түсіндірме жиналыс өткізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметшінің атқаратын қызметінің аса маңыздылығы мен оған ерекше жауапкершілік жүктелетінін айқындайды. Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талаптар қояды.
Бұл тұста, Әдеп кодексінің мемлекеттік қызметшілерге қойылатын нормалары мен талаптарының мазмұнын түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелерін біркелкі түсінуін және түсіндіруін қамтамасыз ету мақсатында Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне түсіндірмелер әзірленген. Бұл түсіндірмелерде мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызметте моральдық — этикалық және кәсіби қасиеттерін жақсартуға ықпал ететін ұсынымдар әзірленіп, Әдеп кодексінің әрбір ережесіне түсіндірмелер берілген.
Осы орайда, кездесуде Әдеп кодексінің талаптары бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез-келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау мәселесі талқыланып, заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.




