МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУДЫҢ БАСТЫ ӨЛШЕМІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының бөлім басшысы, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының м.а., Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Шымкент қаласының жер қатынастары, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау басқармасының басшысы және Әл-Фараби, Еңбекші, Абай, Қаратау аудандарының, Мамандандырылған №1,2,3 бөлімдерінің басшылары, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы, Шымкент қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, Шымкент қаласы бойынша ветеринариялық аумақтық инспекциясының басшысы, БАҚ өкілдері шақыртылды.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 29-бабына сәйкес «Зор Рух» қайырылымдық жеке қорымен 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша мәселесі көтерілді.
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылатындығын жұмыс тобының төрағасы А.Шілманов басты назарға алды.
Мониторинг қорытындысымен анықталған Шымкент қаласында туындаған проблемалық мəселелер Департаменттің бас маманы Д.Есіркептің баяндамасында айтылды.
Отырыс нәтижесі бойынша жоғарыда аталған қызметті сапалы көрсетуге бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырумен қатар, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімі артуына ықпал етеді деп сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Среда 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Среда 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz