Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Шымкент қаласында фокус-группаның кездесуі өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі
№872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөнінде шаралар туралы» Жарлығы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын.                                                     
Аталған тапсырманың аясында, мониторинг және талдау жүргізу үшін Шымкент қаласында фокус группасы мен жұмысшы топтары ұйымдастырылған.
Фокус-тобымен жұмысты тиімдірек жүргізу мақсатында, аталған топты 10 тұлғадан аспайтын мини топтарға бөліп, әрбір топпен жеке-жеке кездесу арқылы, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту үшін дайындалған кейстерді жан-жақты талқылау үшін әрбір кейс бойынша презентация жасалып, фокус-топ мүшелерімен талқылануда.
Сондай-ақ, мини фокус-топтарымен кездесіп, кейстерді талқылау жұмыстары ағымдағы жылдың 6 – 12 қыркүйек аралығында офлайн және онлайн форматта жүргізілетінін атап өткен жөн.                                               

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Понедельник 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Понедельник 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz