Майдангер Қабдол Есқалиев атамыз жәйлі әңгіме қозғайық.Ол кісі 1922 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Соғыстан бұрынғы жылдарда халықтың әлеуметтік жағдайы аса керемет болмаған. Атамыз 17 ауылда Талқайрандағы орта мектепте жаяу қатынасып оқыған.Сол күндердегі атаның естеліктерінен :» Ауылдан тек төрт бала барып оқимыз. Кезектесіп екі табан нан алып шығамыз. Оның біреуін мектепке алып кетеміз де, біреуін жолдағы ағаштың бұтағына байлап кетіп, қайтарда жейміз. Негізгі азығымыз құрт, ірімшік болды. Секер болмаса, кәмпит дегенді тіпті көрмейміз. Қыста ат шанаменен әкелеріміз кезектесіп жеткізеді. Ал көктем мен күзде мектепке қатынасу қиын болады. Сонда да орта білім туралы атестат алуға аса құштар едік.» -деп әңгімелеген.
Атамыз мектеп бітірген жылы Отан алдынндағы борышын өтеуге шақырылады. 1940 жылы 21 қазанда Гурьев облысының Бақсай аудандық әскери комиссиариатынан алынған. Әскери міндетін Моңғолияда орындайды(1940-1941жж). Соғыс басталғасын 1941 жылдың тамызынан 1942 жылдын қантарына дейін жаяу әскер командирлері училищесінде жедел оқып, Батыс майданда болады, 97 дивизияның 136 полкінде взвод командирі міндетін атқарып, 1943 жылғы 13 қыркүйекте Смоленкс қаласының іргесінде немістермен бетпе-бет шайқасып, жауды қырып салады. Тірі қалған 31 фашистті тұтқынға алады. Тарихтағы ірі шайқастардың бірі Смоленск майданында ауыр жараланып, госпитальда ұзақ емделеді. Ол барлығы 7 рет жараланады. Бірақ,емделіп майданға қайта аттанады. Тек сонғы ауыр жарақаттан кейін 1944 жылы елге лейтенант болып оралады. Соғыстан оралғасын Жаманқала аудандық әскери комиссиариатында (райвоенкомат) жұмыс жасайды, бұл 1944 -1946 жыл еді. Сол жылдарда Жаманқала аудандық атқару комитетінде хатшы машинистка болып жасап жүрген қызбен танысып, жарасқан екі жұп 1946 жылы отбасы құрды. Оның жемісі-өмірге келген тоғыз бала: бес ұл, төрт қыз. Қазіргі заманымызда еліміздің абыройлы азаматтары. Ата-ананың тәрбиесін көріп, елге еңбектері сіңген азаматтар.
Атамыздың еңбек жолы 1946-1947 жылдары Жаманқаладығы мемлекеттік банкіда инспектор болып жасаумен жалғасады. 1947-1948 жылдары Новогатта аудандық тұтынушылар қоғамында басқарушы, 1948-1950 жылдары Бақсай аудандық тұтынушылар қоғамында дайындаушы болып, еңбек жолын жалғастырады. 1950-1954 жылдары Жаманқалада шикізат дайындау мекемесінде бухгалтер, кейін Кулагинада 1956-1958 жылдары Гурьевте трестте бухалтер болып жұмыс жасады. 1963 жылы Амангелді атындағы кеңшарда бухалтер болып істеді. Сол жерде мал басының өсуіне, егін шаруашалығының дамуына, экономиканың өркендеуіне, қаржы қызметінде тиісті заңдылықтырдың сақталуына өз үлесін қосты. Зейнеткерлікке шығып, балалардың қызығын көріп, немере-жиен көріп, алпыс сегіз жасында, 1990 жылы көз жұмды.
Әр майдангер ата-әжелеріміздің ерліктерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп отыру әр адамның борышы.