КОЛЛЕДЖДЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ЖАЛҒАСУДА
2021 жылдың 12 наурыз күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесінің 2021 жылы 15 ақпандағы №21-03-03-05/458-И хаты және білім басқармасының келісімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бекіткен жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасында «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай «Азаматтық қорғаныс» тақырыбында Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің АӘД пәнінің оқытушысы У.Мадусманов, колледж медбикесі Н.Махамедова бірлесе отырып, төтенше жағдай кезінде бірінші медициналық жәрдем көрсету және азаматтық қорғаныс бойынша нұсқаулық жұмыстары көрсетіліп, өткізілді.