Әдеп кодексінің талаптарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілердің міндеті

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілердің міндеті

Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бойынша өткізіліп жатқан бірыңғай онкүндік аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевпен бірлесе Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппаратының қызметшілеріне арналған «Цифрлық дәуірдегі мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары, сыбайлас жемқорлықпен күрес және Әдеп кодексі арасындағы өзара байланыс» тақырыбында түсіндірме жиналыс өткізілді.

Осы орайда, Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметшінің атқаратын қызметінің аса маңыздылығы мен оған ерекше жауапкершілік жүктелетінін айқындайды.

Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатынын әрдайым назарда ұстауы тиіс.

Кездесу барысында қазіргі заманғы цифрлық ортадағы этикалық мінез-құлық, мемлекеттік қызметшілердің онлайн-коммуникациядағы мәдениеті, сондай-ақ Әдеп кодексінің сыбайлас жемқорлықпен күрес тетіктерімен байланысы. сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез-келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау мәселесі талқыланып, қатысушыларға Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz