БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ұйымдастырушы: Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і

 Карантиндегі қайырымдылық!

Ел Президенті Қ.Тоқаев қазақтың асар дәстүрі волонтерлықпен үндесетінін, сол себепті ағымдағы жылы қайырымдылық жасауды заманға сай жаңғырту қажет екенін мәлімдеген еді. Қазіргі еліміздің қиын қыстау заманында бұл үндеудің мәні ерекше болып отыр. Бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус індетін алдын-алу үшін және ұлт денсаулығы үшін волонтер жастар бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар жасап келеді. Соның бірі бүгін қаламыздың ерікті жастары ел үшін қызметтегі азаматтарға, соның ішінде Бадам блок-бекетінде тұрған полиция және медицина қызметіндегі адамдарға тамақ таратты. Игі шара қалалық Жастар ресурстық орталығы “Hadya” кафесінің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Шымкентте коронавирус індетіне қарсы белсенді күрес жүргізілгендігі баршамызға мәлім. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 13 блок-бекеттер орнатылған. Соның бірі Бадам блок-бекетінде Полиция және медицина қызметкерлері тәуліктік режимде жұмыс істеуде. Бұл еліміз үшін үлкен көмек.   Бүгінгі «Hadya” кафесінің ұжымы ұйымдастырған игі шара осы азаматтарға деген алғысының көрінісі. Кафе қызметкерлері қиын кезеңде бір-бірімізге көмектесу әрбіріміздің міндетіміз дейді. Сонымен қатар, «Hadya” кафесінің ресми өкілі Жүсіп Абдирахманов аталмыш тамақ тарату акциясын басқа да әріптестеріне эстафета етіп жолдайтынын атап өтті. Осылайша сын сағатта жан-жақтан жақсылық жасап жатқандар саны күн сайын артып жатқандығы қуантады. Алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғасын табады деген үміттеміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz