«Б.Момышұлы. Ұшқан ұя повесіндегі маңызды эпизод»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылдың 05 ақпан күні қазақ тілі онкүндігі жоспарына сәйкес, қазақ әдебиеті пәнінен Г.Дүйсенбиева «Б.Момышұлы. Ұшқан ұя повесіндегі маңызды эпизод» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ мақсаты: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. «Үш қадам» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралып, бейнероллик көрсетіліп сұрақтар қойылды. Шығармадан эпизодтардың үзінділері топтарға таратылып берілді. 1-топ ертегінің тәрбиелік мәні фишбоун әдісі арқылы, 2-топ батаның тәрбиелік мәні «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы, 3-топ «Файл» әдісімен жеті ата туралы және 4-топ «Төрт сөйлем» әдісі арқылы ат жалын тартып міну туралы өз пікірлерін дәлелдеп көрсетті. Саралау тапсырмалары арқылы сабақты толықтырып, «Алма ағашы» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алынды.

Сабақ соңынан жақсы қатысып отырған оқушылар бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz