«Ауған сөнген шоқ, өшкен арман. Тек сенен, есте қалған…»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қалалық әдістеме орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 17 ақпан күні «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауған сөнген шоқ, өшкен арман. Тек сенен, есте қалған…» тақырыбында КСРО әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты және Ауғанстан жерінде қаза болған жауынгерлерді еске алу мақсатында қалалық семинар өткізілді.

Семинарда №129 ЖОББМ және №35748 ә/б қызметкерлері танымдық, ашық, тәрбие сағаттарын өткізді. Іс-шара қорытындысы мектебіміздің мәжіліс залында болды, оқушыларымыз әннен шашу шашып, көріністер көрсетіп, жауынгер аталарымызды үлгі тұтатындарын айтып, алғыстарын жеткізді. Концерт барысында мектебіміздің «Жас сарбаз» ұйымының мүшелері АНТ қабылдап, куәліктерін алды. Кешіміздің қадірлі қонағы болып ҚР Қарулы күштерінің ардагерлер кеңесінің Түркістан облысы бойынша филиал төрағасы подполковник Алдабергенов Бабай Тәңірбергенұлы, Ауған соғысы ардагері, Қарулы Күштер ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тазуддинов Шамил Назмиевич, Ауған соғысы ардагері, Сәуле ш/а ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүнісбеков Нұрбек Нұсқабекұлы, Түркістан облысы ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы, Шымкент қаласының құрметті азаматы Әнуарбек Бейсе, Шымкент қаласы Кәсіподақ комитетінің төрағасы Жүзімбаев Бекмұрат, қалалық әдістеме орталығының директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы және қаламыздың бірнеше мектептерінің директорлары қатысты.

Концерт барысында соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алдық. Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау-баршамыздың абыройлы борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын деп тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz