ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қадамдық жоспары бойынша халықты әлеуметтік қорғау-әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, жеңілдіктер және т.б. салалары бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Аталған тапсырма бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Бұдан әрі – Департамент) жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті көшпелі отырысы Абай ауданы әкімдігінің ғимаратында өткізілді.
Күн тәртібі, «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметінің көрсетілу процесі бойынша мәселелері болды.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидасында көрсетілген талаптардың сақталуы, тәжірибеде орын алып жатқан кемшіліктер және қызмет алушыларға жағдай жасау туралы мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысымен, мүдделі органмен ортақ мәмілеге келіп, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізілді