Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы алаңында Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарына жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді. 
Жаңадан қабылданған қызметшілермен кездесуде Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Асылханұлы Сұлтанхан, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Батырұлы Қалшабек және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. 
Ұйымдастырылып отырған кездесу мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, олардың тұлғалық болмысы мен ұстанымдарын жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Сұлтанхан жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері жөнінде сөз қозғап, қазіргі таңда Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің құндылық ұстанымдарын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамуына бағытталған, қызметшілердің мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін сапалы түрде кәсібилендіруді көздейтін арнайы құжат жобасын дайындау қолға алынғанын атап өтті. 
Кездесуде филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовтың шәкірті филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қалшабек мемлекеттік қызметшілерге Абай Құнанбайұлының «толық адам» ілімінің этикалық негіздерін ақынның жырлары мен «Қара сөздер» прозасында көтерілген өзекті мәселелермен ұштастыра отырып мемлекеттік қызметші болмысы жөнінде сөз қозғады.
Сонымен бірге, А.Қалшабек Абайдың «толық адам» концепциясының мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдіруде маңызды орын алатынын айтып өтті және қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің елдік және қоғам мүдделеріне әділ әрі адал қызмет етуге, өз күш-жігері мен білімін, біліктілігі мен тәжірибесін Отанымыздың дамуына барынша бағыттауға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының мұражайында А.Құнанбайұлының және М.Әуезовтың шығармашылығымен танысты.
Добавить комментарий
Пятница 23.10.2026 16:48:34
ЦОНы и спецЦОНы Шымкента не будут работать 26 октября...Пятница 21.10.2026 13:50:22
Кадастровые цифровые сервисы перейдут на новую систему координат...Пятница 14.10.2026 11:07:30
160 тысяч водительских удостоверений заменили онлайн в Шымкенте за девять месяцев...Пятница 12.10.2026 16:46:08
Шымкент занял четвертое место по числу новорожденных в Казахстане...Пятница 03.10.2026 19:03:01
Госкорпорация представила AI-решения 1414 на форуме AI & Digital Bridge 2026...Пятница 30.09.2026 13:27:28
С 1 октября — новый график дежурных ЦОНов Шымкента...Пятница 30.09.2026 12:02:07
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ПАРА ОҚ АТУ СПОРТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУДА...Пятница 28.09.2026 13:12:16
В Шымкенте маломобильным гражданам оказали 142 госуслуги на дому...Пятница 14.09.2026 23:29:08
В Шымкенте 15 тысяч свидетельств о рождении оформлено онлайн...Пятница 14.09.2026 10:57:48
Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді...Пятница 10.09.2026 18:47:57
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді...Пятница 10.09.2026 18:42:13
С начала года в Казахстане появилось более 74 тысяч новых семей...Пятница 07.09.2026 19:34:11
Шымкент стал лидером по обучению цифровой грамотности среди регионов...Пятница 04.09.2026 09:12:19
Камбоджа перенимает передовые подходы Казахстана к цифровизации государственных услуг...Пятница 28.08.2026 17:06:30
Госкорпорация обучает цифровой грамотности жителей сельской местности...Пятница 27.08.2026 16:49:29
ЦОН Каратауского района переезжает на новый адрес...Пятница 21.08.2026 18:09:30
В день выборов в Курултай казахстанцы смогут оформить прописку на один день....Пятница 18.08.2026 16:37:23
Госуслуги на дом: казахстанцы выбирают выезд персонального менеджера...



