Елімізге белгілі психиатр – дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі Бибі Жұмалиева ескерткіш тақта орнатылды. Мемориалды тақта аңыз адамның өзі ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған облыстық психикалық денсаулық орталығына қойылды. Ортасына сыйлы жанға деген құрметтерін осылайша білдіргісі келген әріптестері, Бибі Елеуқызының еңбегін еш кетіру мүмкін емес дейді. Еске алу кешінде марқұмның рухына құран бағышталып, ас берілді.
Қызығынан гөрі қиындығы басым саланы таңдаған Бибі Елеуқызы еңбек жолын Шымкенттегі перзентханада бастаған. 1963 жылы жаңадан ашылған қалалық психдиспансерге учаскелік психиатр-дәрігер болып жұмысқа орналасқан ол, аталмыш аурухана жұмысының жандануына көп еңбек сіңірді.
Наилия Бакшилова — Б. Жұмалиеваның қызы «Менің анам өз жұмысын қатты жақсы көретін еді. Осы аурухананың аяқтан тік тұруына атсалысқан ол, облыстық психдиспансердің алғашқы ғимаратының бой көтеруіне сеп болды. Сондай-ақ, Бибі Елеуқызының кадр даярлауда да асқан қырағылық таныта білгені бүгінде өз нәтижесін беруде. Тіпті, науқастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге тырысқан анам, олардың өмірдегі екінші тынысын аша білді. Тапқан табыстарын отбасына алып баруға тырысқан науқастар, өздерінің қоғамға керек екендерін сезініп, араларында ауруын ұмытқандар да бар.»
Кәсібилігі бір төбе, адамгершілігін айтатын болсақ, бір күн аздық етеді, деген еске алған әріптестері Бибі Елеуқызын аңыз адамға балайды. Әрбір жанның сөзін, мейлі ол науқас болсын, мейлі қызметкер болсын , мұқият тыңдап оған қолдан келген көмегін аянып қалмайтын Бибі Жұмалиеваны әріптестері білікті басшы ғана емес, жақын дос, қамқор құрбы, жанашыр жан еді деп еске алады
Ыбырайым Қарақұлов – офтольмолог
Ләйлә Еңсебаева – психиатр — нарколог «Мен Бибі Елеуқызын 1983 жылдан бастап танимын. Оқу бітіріп Шымкентке алғаш келуім еді.Ол кісі мені бірден бауырына тартып, жылы қарсы алды. Бар білген-түйгенімен бөлісті. Тіпті, кейде мен ол кісінің басшы екенін ұмытып кететінмін. Жанұялық мәселемді айтып келген күндерім қаншама. Оның бәріне үнемі түсіністік танытып, бірге шешуге атсалысатын. Менің бастапқыдағы ойым осында тәжірибе жинақтап, Алматыға қайту болатын. Уақыт өте келе мен бұл ойымнан айнып, сондай алтын адамның қасында қалып жұмыс жасаймын деп шештім. Бибі Елеуқызы білікті басшы ғана емес, ол нағыз адам.» Перейти в магазин:http://dk-shop.kz
Ұлт саулығына өлшеусіз үлес қосқан Бибі Елеуқызының ұрпағы да бүгінде осы салады ізін жалғап келеді. Бала күнінен анасының кәсібіне деген сүйіспеншілігін көріп өскен қызы Наилия Бакшиловада осы жолды таңдаған. Қазіргі таңда облыстық психикалық денсаулық орталығында жұмыс жасайтын ол, анамды таныған азаматтар әлі күнге дейін еңбегі үшін алғыс айтады, дейді.
Наилия Бакшилова — Б. Жұмалиеваның қызы «Мен анамның еңбекқорлығын, адалдығын, қарапайымдылығын көріп өстім. Оның жаны өтірікке қас еді. Ол кісі бір нәрсені ойына алса соның соңына жетпейінше тыныш таппайтын. Әріптестері, айналасындағы адамдар да анамды ерекше құрметтейтін. Олар әлі күнге дейін алғыстарын айтып келеді. Осы тақтайшаны орнатуға да өздері ой тастап, өздері жасатты. Менің рахметтен басқа айтарым жоқ.»
Салмағы ауыр саланың жүгін арқалаған Бибі Жұмалиева Алматыда өткен балалар психоневрологиясы бойынша 1 Бүкілодақтық съезінің делегаты болды. Кеңесте ол жетекші сарапшылармен және ғалымдармен бірге Қазақстанда толықтырылып өзгертілген КСРО-ның психикалық көмек туралы жобасы психиатриялық көмек және оны қамтамасыз етудегі азамттардың кепілдіктері туралы заң жобасын әзірлеуге қатысқан. Сонымен қатар, еліміздегі психиатриялық көмек көрсету мәселесін қоғамның алдына жаңа жолмен қойып, өте маңызды және нәзік мәселенің нүктесін қоюға атсалысқан Бибі Елеуқызы болатын. Бүкіл өмірін ұлт саулығына арнаған аңыз адамға 1999 жылы «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Г.Асқарқызы