Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары айқындалды – адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану.
Кодекстің жаңа редакциясында «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді.
Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тәртіптік комиссия материалдарын қарау тәртібі және тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.
Сонымен бірге, Агенттіктің Әдеп жөніндегі комиссиясына облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері орынбасарларының, облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандары мен қала аудандары әкімдерінің, облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қала әкімдерінің, комитеттер төрағаларының, сондай-ақ облыс әкімі аппарат басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін қарауға өкілеттік берілген.
Жарлық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/273687?lang=kk
Добавить комментарий
Воскресенье 01.04.2026 17:05:51
Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом...Воскресенье 06.03.2026 10:48:00
РАГС Казахстана отмечает 105 лет: как регистрация жизненных событий стала цифровой...Воскресенье 27.02.2026 15:16:00
Госуслуги с индивидуальным сопровождением: как работает сервис «Персональный менеджер»...Воскресенье 25.02.2026 18:18:00
Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение...Воскресенье 18.02.2026 13:40:14
В Шымкенте документы из ЦОНа доступны 24/7: как работают постаматы...Воскресенье 13.02.2026 21:56:28
КАЗАХСТАНСКИЕ СТРЕЛКИ ЗАНЯЛИ 2-МЕСТО В ОБЩЕКОМАНДНОМ ЗАЧЕТЕ ЧЕМПИОНАТА АЗИИ ПО ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ (ИНДИЯ)!...Воскресенье 06.02.2026 18:12:05
В мобильном приложении «ЦОН» внедрен онлайн-сервис заказа номерных знаков...Воскресенье 04.02.2026 18:08:46
Шымкент — в числе лидеров по оказанию госуслуг:...Воскресенье 16.01.2026 22:45:54
АДЕЛЬ САДАКБАЕВА АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!...Воскресенье 16.01.2026 22:40:55
ЕЩЕНКО ЭДУАРД АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ!...Воскресенье 30.12.2025 17:03:07
С нового года в Шымкенте обновляются адреса дежурных ЦОНов...Воскресенье 12.12.2025 16:43:02
ЦОНы и спецЦОНы Шымкента не будут работать 16 декабря...Воскресенье 08.12.2025 23:27:31
Национальный Олимпийский Комитет Республики Казахстан...Воскресенье 04.12.2025 14:31:34
20 лет ЦОН. История развития через людей...Воскресенье 25.11.2025 17:46:58
Новый сервис информирования: граждане смогут заранее узнавать о доступности государственных услуг...Воскресенье 24.11.2025 10:54:41
В Шымкенте отметили 20-летие Центров обслуживания населения...Воскресенье 19.11.2025 10:17:58
КАЗАХСТАНСКАЯ НАЦИОНАЛЬНАЯ ФЕДЕРАЦИЯ СПОРТИВНОЙ СТРЕЛЬБЫ ПОЗДРАВИЛА ПРИЗЕРОВ КУБКА МИРА ПО ПАРА ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ!...Воскресенье 12.11.2025 09:53:04
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР МЫСЫРДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!...Воскресенье 29.10.2025 20:21:11
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме семинар өтті...Воскресенье 29.10.2025 18:20:23
Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді...



