Аталмыш спектакль бүгінгі таңда республика театрларында қойылып жүрген «Қыз Жібек» опера нұсқаларынан мүлде бөлек қойылым болмақ. Шетсіз, шексіз Ұлы даланың жусан аңқыған аршын төсі, сағым қуған тұлпарлар тұяғының қуатты дүбірі, күн сәулесін қанатына ілген аққулар қаңқылы, бәрі-бәрі әншілердің, хордың, оркестрдің үнінде, мың бұралған балет биінде беріліп, театрдың сахнасын ғаламат көрініске бөлемек.
Өтетін күні: 11-12 ақпан
Уақыты: сағат 19/17-00 де
Өтетін жері: Шымкент қалалық опера және балет театры