ШЫМКЕНТТЕ СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ V ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ!

Ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары — Мақсұт Пернебайұлы Исахов спортшыларды құттықтады.
⠀
Мақсұт Пернебайұлы бұл 4 жылда бір рет өтетін ауқымды жарыс екенін атап өтті. Спортшыларға жарқын өнер мен жоғары жетістіктер тіледі!
⠀
2021 жылғы 26 сәуір – 03 мамыр аралығында Шымкент қаласының «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» ату кешенінде  Стенд атудан Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық ойындары  өтуде.
⠀
Бұл жарысқа Алматы, Қызылорда облыстарымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 100 ге жуық жас спортшылар қатысуда.
⠀
Қазақстан Республикасы V Жастар спорттық ойындарының мақсаты: Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, республиканың облыс және қалаларындағы спорт түрлері бойынша спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу.
⠀
Жарысты ұйымдастырушылар  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, Шымкент қаласының дене шынықтыру  және спорт басқармасы,  «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы»  ҚБ.
⠀

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz