Құрметті оқырмандар, біз бұған дейін «Сәлем Шымкент» сайтының беттерінде «Заңды қорғау немесе негізсіз жала жабу туралы» мақаламызда бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде белең алған Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Олег Владимирович Почиваловты қазақ тілін білмегені, «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» объектісін ұйымдастыру кезінде мемлекеттік ақшаны жеке мүддеге пайдаланғаны, сондай-ақ ҚР мен РФ-ның қос азаматтығы туралы айыптаулар жайлы жазған болатынбыз.
Адамды, оның өмірбаянын, айналадағыларға көзқарасын, қазақстандық қоғамның дамуына қосқан үлесін білместен О. В. Почиваловты талқылауға отандық ұлт патриоттары делінетіндер де қосылды, олардың көзқарастарын қазіргі уақытта «тағылық» деп тануға болады (12.02.2021 ж. Youtube каналында Kenesary sarbazdary Ergaly Kerey aksary бейнеблогына түсініктемелер).
Бұл қақпайлас дау-дамайда үндемеуге болмайды. О.В. Почиваловты негізсіз айыптауларға жауап беріп, мынаны айтқым келеді. Біріншіден, мемлекеттік тілге қатысты — бұл мәселе қарапайым азаматтардан бастап, Үкімет басшылары мен ҚР Парламенті депутаттарына дейінгі бүкіл қазақстандық қоғамның үлкен проблемасы. Соған қарамастан жағдай түзеліп келеді. Мемлекеттік тілді меңгеру қажет деген түсінік Қазақстанның барлық тұрғындарында бар және ол жәймен жүзеге асырылуда. О.В. Почиваловтың өзі брифингке қатысқан барлық журналистерден мемлекеттік тілде әлі толық сөйлей алмағаны үшін кешірім сұрады.
О.В. Почиваловты ҚР азаматтығынан айыру бойынша қазіргі уақытта сот үдерісі жүріп жатыр, бірінші сот мәжілісі өтті. Адвокат Е.А. Яворскийдің алдын ала мәлімдемесі бойынша О. В. Почиваловты азаматтықтан айыру туралы қорытындыны Шымкент қаласының Полиция департаменті заңсыз шығарған.
Екіншіден, «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» нысаны жоқ жерден, нөлден бастап емес, шын мәнінде, КСРО кезінде О.В. Почиваловтың әкесі Владимир Петрович Почивалов өз күш — жігерімен ұйымдастырған Шымкент стенд және оқ ату мектебінің негізінде құрылды.
Әкесінің ісін жалғастыра отырып, Почивалов Олег Владимирович (КСРО спорт шебері, стенд ату спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1994 жылғы Азияның екі дүркін чемпионы( Бангкок, Таиланд), 1995-2000 ж. Еуропа Кубогы мен Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, Master Games-кәсіпқойлар Олимпиадасының күміс жүлдегері – 2018 жыл, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, стенд ату бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорттық атудан Азия конфедерациясы атқару комитетінің мүшесі), тек өзінің беделі мен спорт әлеміндегі жеке қарым-қатынастары арқасында «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» жобасын ұйымдастыру үшін инвестициялар тарта алды. Бұл жобаға ешқандай мемлекет қаражаты салынбаған. Бұл кешен 14 гектар аумақты алып жатыр, онда бір уақытта 750 спортшы жаттыға алады.
Ол толыққанды жаттығу үдерісін ұйымдастыру және ірі спорттық іс-шараларды, соның ішінде Атыс спорты түрлерінен Лицензиялық Чемпионаттар мен Әлем Кубоктарын өткізу үшін қажетті инфрақұрылымды қамтиды.
Клуб үдерісшіл технологиялармен жабдықталған және Халықаралық спорттық ату Федерациясының (ISSF) әлемдік стандарттарына сәйкес келеді. Мұнда стенд атумен айналысуға арналған 7 атыс алаңы, оқ атумен айналысуға арналған атыс тирінің мәрелік залы, ашық лукодром және клуб залы орналасқан. Сонымен қатар, 21-ші жылы осы алаңда оқ атудан Азия Чемпионаты өтеді және біздің қала осындай жоғары деңгейдегі спорттық іс-шараны алғаш рет қабылдайды! Бағдарламада ISSF Халықаралық спорттық ату Федерациясының президенті Владимир Лисин, спорттық атудан Азия Конфедерациясының Президенті Шейх Салман Әл Сабахтың ресми сапары жоспарлануда.
Мерген спортшылардың жалпы дене даярлығы үшін Воркаут алаңы жабдықталып, «Busido» жауынгерлік өнер залы салынды. Спортшылармен теориялық сабақтар өткізу үшін арнайы оқу кабинеттері бар. Мұнда жаттығуға ертерек келген балалар үй тапсырмасын орындай алады. Кешеннің аумағында спортшыларға арналған құнарлы тамақтандыру аймағы бар клуб үйі орналасқан.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа — винтовкадан нысанаға ату қызметі пайда болды. Бұл ретте бағалар ынсапты, қауіпсіздікке кепілдік беріледі, өйткені қасында әрдайым нұсқаушы болады, ал аумақ күзеті күшейтілген түрде жүргізіледі.
Спорт кешені бүкіл Орталық Азия өңіріндегі ең ірі атыс орталығы болып табылады. Ол О. В. Почиваловтың меншігінде емес. «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» құрылысы туралы уағдаластық — бұл ISSF Халықаралық спорттық ату Федерациясы, Спорттық атудан Азия Конфедерациясы ACSf және Спорттық ату түрлерінен Қазақстан федерациясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығының нәтижесі.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Атыс спорты түрлерінен Қазақстанның ұлттық құрама командасының негізгі құрамындағы спортшылардың 60% — ы Шымкент қаласында орналасқан.
Сондай-ақ, О.В. Почиваловты Отанға опасыздық жасады деп айыптайтындар үшін. О.В. Почивалов табысты менеджер, спорт әлемінде еңбек сіңірген жаттықтырушы. Ол өзінің заманауи ойлауымен, ұтқырлығымен, тез тіл табысуы, инвестиция тарту қабілетімен осы уақытқа дейін Мәскеуге, Санкт-Петербургке немесе Батыс Еуропа әлемінің кез-келген басқа қаласына көшіп кете алар еді. Алайда, ол өзінің бүкіл отбасымен (жеті адамнан тұратын отбасына 4 – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бір ҚР спорт шебері екеніне жеке тоқталып өткім келеді) Шымкент қаласында тұрады және Қазақстаннан, атап айтқанда туған Шымкенттен ешқайда кететін ниеті жоқ. Бұл патриотизм мен Туған жерге деген сүйіспеншіліктің дәлелі емес пе.