Проект, инициированный акимом города Муратом Айтеновым, направлен на привлечение молодежи города к массовым видам спорта и формирование команд для чемпионатов РК.
⠀
С этой целью в каждой школе города будут созданы лиги по футболу, баскетболу (среди мальчиков), волейболу(среди девочек) и шахматам (среди мальчиков, девочек), а также фан-клубы для его поддержки.
⠀
Сегодня в информационно-коммуникационном центре состоялся брифинг, где спикеры, директор молодежного ресурсного центра города Ерлан Айтбаев, руководитель управления образования Ж.Тажиева, представитель управления физической культуры и спорта М. Шаханов подробно разъяснили порядок проведения спортивных соревнований.
⠀
Спортивная лига пройдет с марта по май месяцы текущего года. На первом этапе в районах города (после отборочных игр из каждого района) отбираются 4 команды, в общей сложности 16 команд. II этап в городской лиге, начиная с 1/8 финала, определятся команды-победители с играми 1/4 и 1/2 финала. Также, начиная с сентября, по данному формату будут организованы среди ВУЗов и колледжей.
⠀
В настоящее время в Шымкенте в 151 (государственной) школе с 9 по 11 классы обучаются 117 725 учащихся. В молодежной лиге планируется охватить около 15 тысяч учащихся.
⠀
— Соревнования организуются в соответствии со всеми карантинными требованиями. Сейчас 70% школ города охвачены открытыми спортивными площадками. Молодежная лига пройдет на таких открытых площадках. Участникам будет предоставлено разрешение медицинских работников их школ. Школе, которая станет победителем, будет вручен весомый приз акимата города на обновление спортивно-технической базы, — сказала руководитель управления образования Ж.Тажиева.
⠀
В данном спортивном состязании будут судить профессиональные судьи управления физической культуры и спорта. Кроме того, ход каждого соревнования будет фиксироваться на видеокамеру.
⠀
Помимо этого, по видам спорта будут вручены дипломы и ценные призы в номинациях «Лучший вратарь», «Лучший защитник», «Лучший болельщик», «Лучший фан-клуб», «Лучший воспитатель» и «Лучшее образовательное учреждение».
⠀
ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҢ 4 ТҮРІНЕН «ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ӨТЕДІ
⠀
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен қолға алынған жоба шаһар жастарын бұқаралық спортқа баулып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтауды көздейді.
⠀
Осы мақсатта қаладағы әр мектепте футбол, баскетбол (ұлдар арасында), волейбол(қыздар арасында) және шахмат (ұлдар, қыздар) түрлерінен лигалар және оны қолдау үшін фан-клубтар құрылады.
⠀
Бүгін ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифинг спикерлері қалалық жастар ресурстық орталығы директоры Ерлан Айтбаев, білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева, денешынықтыру және спорт басқармасының өкілі М.Шаханов спорттық сайыстың тәртіптері жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
⠀
Спорт лигасы осы жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында өтеді. Алғашқы кезеңде қаладағы аудандарда (іріктеу ойындарынан кейін әр ауданнан)4 команда, жалпы 16 команда іріктеледі. ІІ кезең қалалық лигада 1/8 финалдан бастап, 1/4 және 1/2 финалдық ойындармен жеңімпаз командалар анықталады. Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап ЖОО мен колледждер арасында дәл осы форматта ұйымдастырылады.
⠀
Қазіргі таңда Шымкентте 151 (мемлекеттік) мектепте 9-11 сынып аралығында 117 725 оқушы білім алады. Жастар лигасына 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланған.
⠀
–Жарыс барлық карантиндік талаптарға сай ұйымдастырылады. Қазір қаладағы мектептердің 70 пайызы ашық спорт алаңдарымен қамтылған. Жастар лигасы осындай ашық алаңдарда өтеді. Қатысушыларға өз мектебіндегі медицина қызметкерлерінің рұқсаты міндеттеледі. Жеңімпаз мектепке спорттық техникалық базасын жаңартуға қала әкімдігінің қомақты жүлдесі табысталады, — деді білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева.
⠀
Аталған спорттық сайыста денешынықтыру және спорт басқармасының кәсіби төрешілері төрелік етеді. Сонымен қатар, әр жарыстың барысы бейне камераға түсіріледі.
⠀
Жарыста белсенділік танытқан қатысушыларға «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы», «Үздік тәрбиеші» және «Үздік білім мекемесі» номинациялары бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.