Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданынан праймеризге қатысып жатқан Башенов Асылбек Құтжанұлының сайлауалды бағдарламасы.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Жерлестер!
Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты: «Адами капитал, оның ішінде жас ұрпақтың дамуына өз үлесімді қосып еңбек ету!».
Өз сөзімді Оңтүстік Африка Республикасындағы университет қабырғасында жарияланған хабарландырудан бастасам:
«Кез-келген ұлтты жою үшін атом бомбалары мен алыс қашықтықтағы зымырандар қажет емес. Қажетті нәрсе — білім сапасының төмендеуі және емтихандарда студенттерді алдауға рұқсат беру. Білімнің күйреуі — ұлттың күйреуі».
Бұл мәтін білімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр!
Мен Башенов Асылбек Құтжанұлы жасым 37-де, білім саласында, оның ішінде кәсіптік, техникалық білім беру мекемесінде, 8 жылдан аса басшылық қызмет атқарамын. Жоғарыда аталған мәселелерді мен сыртқұлақтан емес, өзімнің жұмыс барысында әрқашан көріп, кездестіріп отырамын. Өз қызметімді атқару кезінде қаншама ата-анамен, жастармен кездесемін, оның ішінде негізгі проблема, колледжге келген ата-анамен талапкердің БІРІНШІ қоятын сұрағы қандай мамандықтар бар? ЕКІНШІ қоятын сұрағы қандай мамандықта мемлекеттік тапсырыс (грант) бар?
Ал Сіздер сол жағдайда қандай сұрақ қояр едіңіздер?
Бұл мәселе меніде білім саласының қызметкері ретінде, үш баланың ата-анасы ретінде, біздің балаларымыздың болашағы қандай болады деп қатты алаңдатады.
Қандайда бір дамыған және дамушы мемлекетті алатын болсақ, ол екі мемлекеттің ең басты айырмашылығы, қозғаушы күші ол – АДАМИ КАПИТАЛ.
Ұлы ғұлама Абу Насыр Аль-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі бар. Алайда әрқашан, әсіресе қазіргі технологияның, медицинаның, ғылымның, озық инженерияның, ақылды қалалардың, цифрландырудың өте қарқынды дамып жатқан заманында білімнің алатын орны ерекше. Сол себепті тәрбие мен білімді адам баласы өзінің қос қанатындай бірге алып жүруі маңызды.
Бүкіл әлемде пандемияның орын алуына байланысты, біз:
Біріншіден, қандай мамандықтың қажетті екенін, қандай мамандар жетіспейтіндігін, жалпы мамандық таңдаудың адам өмірінде өте маңызды орын алатынын көрудеміз.
Екіншіден, пандемия жұмыссыз адамдардың санын көбейтті. Біз «Жастар еліміздің болашағы», деп айтамыз, бірақ жұмыссыз жастар Қазақстанның дамуына қандай үлесін қоса алады?
Статистикаға сүйенер болсақ, ЖОО бітірген кешегі студенттердің 3/2 бөлігі, көбісі жұмыссыз, немесе өз мамандығы бойынша емес, басқа, мысалы, бармен, кафе ресторандарда официант болып жұмыс жасайды, ал нарыққа қажетті көптеген мамандықтар тапшы болып қала береді. Бұл дегеніміз жастарымыздың көпшілігі мамандықтарын дұрыс таңдай алмауының тағы бір дәлелі.
Ежелгі грек философы Сократтың «Мамандық адамды емес, Адам мамандықты таңдайды» деген сөзі еріксіз еске түседі. 2000 жыл бұрын айтылған сөз біздің уақытымыздада өзекті мәселе болып жатыр.
Еліміздің жарқын болашағын тек жастардың жауапкершілігіне асып қою, ол дұрыс па? Қалай ойлайсыздар?
Сонда, біздің аға буынның жастар алдындағы міндетіміз, біздің жауапкершілігіміз қайда?
Біздің басты міндетіміз – жастарымызға САПАЛЫ БІЛІМ мен ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ТӘРБИЕ беру. Біз бұны сөзбен емес, өз ісімізбен, үлгі есебінде бірігіп көрсетейік.
Егер мен қалалық депутаттыққа өтетін болсам, аталған мәселелерді шешу үшін билік тұтқаларын заң шеңберінде пайдаланып барынша еңбек етемін!
Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты, идеясы «Адами капитал, оның ішінде жас ұрпақтың дамуына аса жоғары көңіл бөлу»!
Ол үшін келесі төмендегі мәселелерге көңіл бөлу қажет:
- Білім саласында әлеуметтік теңсіздікті жою.
- Шымкент қаласында орналасқан жалпы орта мектептерде білім беретін ұстаздардың сапалы жұмыс жасауына және оқушыларға сапалы білім алуға барынша қолайлы жағдай жасалуын бақылауға алып, өз үлесімді қосу.
- Үш ауысымды мектептердің санын азайту және қаламыздағы демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты болашақта үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында, жаңа, заманауи мектептердің ашылуына барынша жұмыс жасау.
- Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан оқушылардың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарыпнан, партия тарапынан қатаң бақылауға алу.
- Қаламызда жұмыссыздықты барынша төмендету. Жұмыссыздықтың негізгі себептері – өнеркәсіп орындарына, бизнеске білікті кадрлардың, құзіретті мамандардың, оның ішінде жұмысшы мамандардың жетіспеушілігі.
Қала тұрғындардың, жастарымыздың орнына жақын, алыс шет ел азаматтары келіп жұмыс жасайды. Оның салдары:
Біріншіден — қала тұрғындарының, жастарымыздың көбісі жұмыссыз!
Екіншіден — экономиканың қозғаушы күші – қаражаттың шет ел асып кетуі!
Білікті мамандар, кадрлар не үшін жетіспейді? — деген сұрақ туындайды. Негізгі себептерінің бірі — жастарымыздың көбісі болашақ мамандығына қызығушылық білдірмей, аса көңіл бөлмей, дұрыс таңдау жасай алмағандығы деп білемін. Ал болашақ мамандыққа деген алғашқы қызығушылық мектептен басталады.
Жоспарым.
- Мемлекетімізде бастау алған, мектеп қабырғасында кәсіби бағдар беру жұмысын жандандырып, одан әрі дамытуына заң аясында еңбек ету. Ол жұмысты 7-8 сыныптан бастау керек. Мектепке, кәсіби бағдар беруге тек оқу орындары колледж, ЖОО емес, өз кәсібінің нағыз мамандарын, (дәрігерді, бухгалтерді, жұмысшы мамандарды, полиция қызметкерлерін, бизнес өкілдерін, кәсіпорын басшыларын, т.с.с.) мектеп оқушылары арасында кездесулер ұйымдастырып, оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, қызығушылығын арттыру керек деп есептеймін.
- Мұғалім – ұстаздардың мүдделерін қорғау.
- Жастарымызға дұрыс, жоғары деңгейде білім беретін, тәрбиелеуде өз үлесін қосатын, бала-бақшадан бастап, мамандық иесі атанып қолына диплом алғанша аянбай тер төгетін ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ МАМАНДЫҒЫ – МҰҒАЛІМ, ҰСТАЗДАРДЫҢ мүддесін, «Педагог мәртебесі туралы» заңы аясында әрқашан мүдделерін қорғау.
- Ол үшін қалалық масштабта «Педагогтар қауымдастығын» құрып, мұғалім – педагогдардың құқықтары мен мүдделерін бұзылмауын әрқашан қатаң бақылауға алу.
Сөзімді қорытындай келе, сіздердің қолдауларыңызбен депутаттыққа өтетін болсам:
- Білім саласындағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға
- Қаламызда жұмыссыздықты барынша төмендетуге
- Мұғалім – педагогтардың мүддесін қорғауға барынша ат салысып еңбек етуге уәде беремін.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген.
«Балаларымыздың жарқын болашағы біздің қолымызда»
Өмірбаяны және отбасы туралы мәлімет.
Башенов Асылбек Құтжанұлы – 23.02.1983 жылы ОҚО, Келес ауданы, Абай селосында дүниеге келген.
2000 жылы Абай ауылындағы Ө.Жәнібеков атындағы жалпы орта мектебін бітірген.
2004 жылы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Экономикадығы ақпараттық жүйелер» мамандығын бойынша бітірген.
2004 – 2005 ж.ж. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде – тьютор-кеңесші қызметін атқардым.
2005 – 2006 ж.ж. АТФ Банк АҚ-ң Шымкент қаласындағы филиалының менеджеры.
2006 – 2011 ж.ж. Nurbank АҚ-ң Шымкент қаласындағы филианылың менеджері, бас менеджері, бөлім басшысы қызметін атқардым.
2011 – 2012 ж.ж. «Спектр-Финанс» ЖШС – Шымкент қаласы бойынша басқарма басшысы.
2012 ж. – қазіргі уақытқа дейін Қазтұтынуодағының Шымкент көпсалалы колледжінің директоры қызметіндемін.
Марапаттарым:
- «Белсенді шығармашыл жастарға қолдау көрсету максатында ұйымдастырған «Студенттік көктем» фестивалінде оқу орнының жастары өз шеберлігін көрсете білгендігі үшін және жастарымыздың талантын шыңдауға қосқан үлесі үшін» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.И. Мырзахметовтің Алғыс хаты. 2013 ж.
- «Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқандығы үшін» «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалының төрағасы – облыс әкісі Б.Атамқұловтың алғыс хаты. 2016 ж.
- «Қазақстан Республикасының Президентігінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқандығы үшін» Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хаты. 2019 ж. Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданынан праймеризге қатысып жатқан Башенов Асылбек Құтжанұлының сайлауалды бағдарламасы.

- «Қазақстан Республикасының Президентігінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқандығы үшін» Қазақстан Республикасы президентінің Алғыс хаты. 2019 ж.