Индустриалды-құрылыс колледжінде «Үздік жас маман — 2020» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Ұйымдастырылған байқау 3-кезең бойынша өтті.
1. Оқытушының қызметтік картасы (соның ішінде өзін-өзі таныстыру)
2. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абайтану» айдары
3. Өнерпаз болсаң арқалан ……
Сайысқа колледждің арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты: жас мамандар мен жастардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін және отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және оларды ынталандыру болып табылды.













