ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МЫҢБАЙ ДАРХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ, «Nur Otan» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫДЫҚ ФИЛИАЛЫ «Тұран» БПҰ-ның МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Бүгін, 6 қаңтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Мыңбай Дархан Қамзабекұлы Индустриалды-құрылыс колледжінің ұстаздарымен «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Тұран» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесуі болып өтті.

Жиынға Еңбекші аудан әкімінің орынбасары Е.Тленшин, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қамбарбеков, Индустриалды-құрылыс колледжінің директоры, «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрайымы А.Елшиева сондай-ақ БПҰ-ның белсенділері қатысты.

Дархан Қамзабекұлы колледж базасымен танысып, колледж жұмысына оң бағасын берді. Арнайы келген қонақпен кездесу өтіп, жиынға қатысушылар тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Дархан Қамзабекұлына бірқатар сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптарын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Пятница 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Пятница 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz