Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-сынып оқушылары арасында «Заң және заман» тақырыбы аясында дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсатымыз –оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қаблеттерін шыңдау.
Оқушылар топтарға бөлініп, «Мен заңды қаншалықты білемін», «Бала құқығы», «Қылмыскер бала қайдан шығады» деген тақырыптарда өз ойларын еркін айтып, қорғап шықты.