Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жыл 21 желтоқсан күні оқушылардың уақытын тиімді және қызықты өткізу, баланы ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу мақсатында 7-сынып оқушылары арасында «Квест» бекеттік ойыны ұйымдастырылып өткізілді.
Квест ойыны арқылы оқушының мінезін анықтауға болады. Адамның қиындыққа тап болған кездегі әрекеті, шынайы бетбейнесін көрсетеді. Ойын барысында оқушыларымыз бірлесе әрекет етіп, ойнай отырып, ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете алды. Ойын 9 бекеттен құралды:
1. «Таныстыру»,
2. «Кедергілерден өту»,
3. «Плогиат»,
4. «Comedy club»,
5. «Угадай мелодию»,
6. «Крокодил»,
7. «Кемпірқосақ»,
8. «Логика» және
9. «Білгенге маржан» бекеттері.
Әр кезең баланың барлық жағынан сынауға мүмкіндік берді. Осылайша логикалық есептер мен тапсырмалар арқылы қатысушының ойлау қабілеттері тексеріліп, ойын нәтижесінде 3-орын иегері 7 «Ә» сынып «Пифагор» командасы, 2-орын иегері 7«Б» сынып «Алғырлар» командасы , 1 орын 7 «Д» сынып «Ньюстрайк» командасы және бас жүлдені 7«А» сынып «Сұңқар» командалары атанды.
Құрметті оқушылар Сіздерге бүгінгі ойынға барынша атсалысып, ерекше ынтамен, қызықты етіп өткізгендеріңізге алғыс білдіреміз!