Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желтоқсан жаңғырығы» атты мерекелік театрландырылған,концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.
«Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды»,-шарада арнайы баяндама дайындаған университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Садықов жиналғандарға осылай деді. Бүгінгі мерекелік бағдарламаға «Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы»комиссиясының мүшесі Ибрагимов Жанат Өзбекұлы қатысып,Шымкент қаласы Әл-фараби аудандық Нұр Отан партиясының атынан арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Одан бөлек университеттің оқу істері жөніндегі проректоры Ә. Елтаев Университет басшыларының атынан Алғыс хаттармен Дипломдармен университет қызметкерін марапаттады.
Университеттің «Күлкі МАN» театрының жас әртістері ұйымдастырылған көріністен соң концерттік бағдарлама бастау алды. Мерекелік көңіл-күйде отырған университет ұжымы мен студент жастарын оқу орын басшысы Рабиға Әбдімұсақызы құттықтап «Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын деп тілек білдіремін»-деді университет ректоры өз сөзінде. Концерттік бағдарлама ары қарай патриоттық әндер айтылып,өлеңдер оқылып жалғасып жатты.