ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, м.ғ.д.,профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы ҚР Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрмет грамотаны Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеев Түркістан қаласында өткен салтанатты жиында табыс етті.






