«Спорт күніне»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл- Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде  салауатты өмір салтын сақтау және отбасылық  тәрбие бағыты бойынша, «Спорт күніне» орай 2020 жыл  25 желтоқсан күні 5- сынып ата-аналары арасында  «Биікке самға» атты  эстафеталық сайыс өткізілді.

Командалар 4 кезең бойынша сайысқа түсті яғни, арқан тарту, биіктікке секіру, картоп жинау, бағаналардың арасымен жүгіріп өту.  Әр сайысқа ойыншылар ынта-жігерімен қатысып, шеберлікпен тапсырмаларды орындады. Сайыс  өте қызықты, тартысты өтті. Жалпы мұндай іс-шараның өтілуі мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналды. Ондағы мақсатымыз —  ата-аналармен  мектеп арасындағы байланысты нығайту  және шыныққан, білімді, жігерлі, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу.

Сайыстың қорытындысы бойынша   бас жүлдені « EAGLES» тобы -5 «Ә»сынып,  1- орынды «Достық» тобы- 5 «Д» сынып, 2- орынды «Бүркіт» тобы – 5 «В» сынып, 3 – орын «Жалын» — 5 «А» сынып   ата-аналарына бұйырды. Қалған командаларды белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапаттады. Ал бас жүлдені иеленген команда финалға жолдама алды. Сайысқа белсене  қатысқан  ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Пятница 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Пятница 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz