Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылған «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсына Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінен 148 студент қатысқан болатын.
Курстың аяқталуымен осы студенттер түрлі тақырыптарда бизнес-жобаларын қорғауда. Бүгін, яғни, 10.12.2019ж. колледжге Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту Департаментінің эксперті Шарипбаева Динара Баянқызы келіп, бизнес-жоба қорғау сәтіне куә болды. Сонымен қатар, студенттердің көкейінде жүрген бірқатар сауалдарға жауап беріп, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кеңестер берді. Студенттердің «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсынан алған білімдері мен, бизнес-жоба қорғау барысына өте жоғары баға беріп, курс тыңдаушыларына сәттілік тіледі.











