Қайсар рухты, жаны жайсаң, ұлттық сана-сезімі мен рухани ойлау деңгейі жоғары ізгі ұрпақ тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті деп білеміз.
Бүгінгі балаларымызға батылдық пен мейірімділікке тәрбиелейтін қазақи танымдық ертегідегі көріністерді көрсетіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, тарихымыз бен салт-дәстүрімізбен сусындату арқылы ұлтжанды ұрпақ қалыптастыра аламыз.
Құрметті көрермендер мен қала тұрғындары, ата-аналар және балалар!
Сіздерді 10 қараша күні сағат 12:00-де Шымкент қалалық қуыршақ және жасөпірімдер театрының сахнасында өтетін Әлібек Файзуллаұлының ғасырлардан күні бүгінге дейін жеткен алтын мұра «Керқұла атты Кендебай» қойылымын тамашалауға шақырамыз!
Мекен-жайы: Қазыбек би көшесі, 34. («Кең-баба» паркі)
Байланыс телефондары: 8 /7252/ 53-94-77, 53-62-85
Касса: 8-705-357-91-17
Онлайн билеттер сатылымы — TICKETON.KZ сайтында!
Келіңіздер, көріңіздер!