Бүгін «Бақытты отбасы» партиялық жобасы және «Арманағашы» жобасы аясында «Асыл арна» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қобланова Нұргүл апайымызбен бірге Сириядан келген қандас қазақ бауырларымызбен және де жартылай жетім, көп балалы және әлеуметтік жағдйы төмен отбасылармен «Мир зверей» атты мультфильмін тамашалап шықтық.
Мультфильм көрсетілімі аяқталғаннан соң балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлай отырып, сонымен қатар арнайы сыйлықтар беріліп концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Аяз атамен қарша қыз келіп, арнайы ойындар ойнатып балалар үшін арнайы естен кетпес ерекше қуаныш сыйлады.