Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №83 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақтың ұлы ақыны, сазгер, аудармашы, философ, хакім Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Абайдың сөзі-қазақтың бойтұмары» атты Абайдың қара сөздерінен 10 сынып оқушылары арасында мектепішілік сайыс болып өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты Абай атамыздың асыл мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, тәрбиелік мәнін ұғындыру. Қырық бес қара сөзді оқып, әр қара сөздің идеясы мен ондағы көтерілген мәселені анықтап, өмірмен байланыстыра білетін оқушылар төрт кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезең ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру, екінші кезең ақынның қара сөздері негізінде түсірілген бейнекөріністен нешінші қара сөз екендігін анықтау болса, үшінші кезең «Суреттер сөйлейді» деп аталды. Мұнда сайыскерлер арнайы салынған суреттерден қай қара сөзде көтерілген мәселе екендігін анықтап берді. Соңғы «Мәтінді толықтыр» кезеңінде әр топқа берілген қара сөздердің мәтінінен орны бос сөздердің орнына қажетті сөздерді тауып қойды. Әділ қазы алқалары сайыскерлердің жауаптарын, сөз саптауларын, тапқырлықтарын ескере отырып, сайыс жеңімпазын анықтады. I орынды 10 «В» сынып оқушыларынан құралған «Ізденімпаздар» тобы иеленсе, II орынды 10 «А» сыныбының оқушыларынан құралған «Ақылдылар» тобына бұйырды. III орын 10 «Г» сыныбының «Зерделілер» тобына бұйырса, 10 «Б» сыныбының «Білімпааздары» сертификатпен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz