УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫНА ҚР МӘСЛИХАТЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өтті. Оған облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, қала, аудан әкімдері және мәслихат хатшылары қатысты.


Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев көпшілікті алда келе жатқан еліміздегі ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен және ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтап,
облыстық, аудан, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым төрағаларын және мекеме басшыларын өңірдің дамуына және облыстың саяси белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Мәслихаттарының 25 жылдық мерекелік медалімен марапаттады. Арнайы алғыс хат пен ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығына орай жарық көрген кітапты табыс етті. Марапат иелерінің арасында біздің университеттің ректоры,м.ғ.д.,профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы да бар. Басшымызды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz