Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың 24-27 желтоқсан аралығында өткізілетін «Біз-еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жыл шыршасына орай, оқушыларға, мұғалімдерге және келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мектебіміздің кіреберіс дәлізіне арнайы баннерден бұрыштама жасалды.
Жаңа жыл мерекесіне орай арнайы жасалған бұрышнамамызға ата-ана, мұғалім және де оқушыларымыз фотосуретке түсіп, Жаңа жылдық көңіл-күйді сезініп жатқандарына біз өте қуаныштымыз.
Осы орайда, баршаға Жаңа Жылда жаңа бақыт, мықты денсаулық, мол табыс тілеп қалғымыз келеді.
Жаңа Жыл құтты болсын!